You are here

2018 жылдан бастап Латвия оқушылары мектепке алты жасынан баратын болады

Printer-friendly versionPDF version

regnum.ru, 22.08.2016

2018-2019 оқу жылынан бастап Латвияның оқушылары бірінші сыныпқа алты жасынан барады. Білім министрінің айтуынша, оқушыларды 19 жасында түлек ету Латвияға тиімсіз, өйткені еңбекке жарамды жастағы адамдар саны қысқарады. 

Латвияның еңбекке жарамды халқының саны жыл сайын 20 мың адамға қысқарады. Негізінен бұл басқа елдерге көшумен байланысты. Осылайша, адамдардың елден кетуі – мұқтаж және жұмыссыздардың статистикалық тұрғыдан мерзімді азаюының бір себебі.

Eurostat деректері бойынша, 2016ж. бірінші тоқсанында Латвия жұмыс істейтін халқы санының азаюы бойынша ЕО-та 2-орын алды: жұмыс істейтіндердің саны 0,1% қысқарды. Жұмыс істейтіндер санының анағұрлым қысқаруы Польшада - 0,5% тіркелді.