You are here

2018 жылға қарай кәсіптік біліктіліктерді бағалау жүйесі іске қосылады

Printer-friendly versionPDF version

Известия, 27.07.2016

Бүгінгі таңда жоғары білім әлеуметтік нормаға айналды. Студенттер санының өсуіне адамдардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін жоғарылату ынтасы себепті: оқу жұмысқа орналасудың жоғары мүмкіндіктеріне және анағұрлым жоғары еңбекақы алуға үміт етуге мүмкіндік береді.  

ЭЖМ ректоры Ярослав Кузьминовтың айтуынша, жоғары білімі бар адамдардың жоғары кәсіби құзыреттіліктерді талап етпейтін жұмыс орындарына келуі де еңбек мәдениеті мен өңімділігінің жоғарылауына әкеледі. Бірінші кезекте — заманауи экономиканың 70% құрайтын қызмет көрсету саласы. Бірақ, бұдан да маңыздысы, елдегі білімнің жоғары деңгейі оны инвестициялар үшін тартымды етеді, қарқынды технологиялық жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.  

Дамыған елдердің басым бөлігінде кәсіптік емтихандар бар. ЖОО аяқтау жеткіліксіз, маман мамандығы бойынша жұмыс істей алатынын кәсіпқойлар кеңесіне дәлелдеуі керек. 

Бұл жұмысты кәсіптік емтихандардар жүйесі орындайды. Владимир Путин өзінің 2012ж. сөзінде осындай міндетті қойды. 2018 жылға қарай кәсіптік біліктіліктерді бағалау жүйесінің жұмысын бастау жоспарлануда. 

Анықтама үшін: Жоғары білімнің массификациясы – жалпыәлемдік тренд. Соңғы онжылдықтар дамыған елдерде де, дамушы елдерде де жоғары білімнің қарқынды өсудің мерзімі болды. Соңғы 40 жылда әлемдегі студенттердің саны 6 есе, халық саны екі есе, ал ЖІӨ шамамен 3,5 есе өсті. 2030 жылға қарай әлемде шамамен 400 млн. студент болады деп күтілуде (2000 жылға 100 млн.). Жоғары білім массификация деңгейі жоғары мемлекеттерде ЖОО түлектері жұмысты анағұрлым оңай табады, табыстары білім деңгейі анағұрлым төмен адамдардың табысына қарағанда орта есеппен айтарлықтай жоғары болады. Жағымды әлеуметтік салдар да бар — жоғары білімі бар адамдар ұзағырақ өмір сүреді, азырақ ауруға шалдығады. Олардың балалары заңды сирек бұзады.