You are here

2026 жылы анағұрлым сұранысқа ие болатын мамандықтар зерттелді

Printer-friendly versionPDF version

independent.co.uk, 09.08.2016

Microsoft Surface және The Future Laboratory алдағы онжылдықта сұранысқа ие болатын мамандықтардың тізбесін құрады. Баяндамада қазіргі студенттердің 65% дүниеде әлі пайда болмаған жаңа мамандықтармен айналысатыны аталды.

Виртуалды тіршілік ортасының дизайнері виртуалды әлемді жобалаумен және әрлеумен айналысады, өйткені адамзат виртуалды кеңістікте көп уақыт өткізетін болады. 2016 жылғы қыркүйектен бастап Австралияның Дикин университеті (Deakin University) алғаш рет виртуалды ортаны жобалауға оқытатын болады.  

Робо-этика қорғаушысы. Болжам бойынша, 2018 жылға қарай робототехника саласында 55,7 мың қосымша жаңа жұмыс орындары ашылады. Өз кезегінде, робо-этика қорғаушылары машиналар қабылдайтын шешімдерді түсіндіретін болады. 

Сандық мәдениеттің шолушылары сандық мәдениетті дәстүрліге интеграциялайды.

Штаттан тыс биохакерлер технологиялық жетістіктермен жұмыс істейді және адамның дене және ақыл-ой қабілеттерінің өнімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. 

Интернет кеңістікті әзірлеушілер әр түрлі құрылғыларды өзара байланыстырудың сәйкес жолдарын әзірлейді. 

Дербес кураторлар адамдарға кейінірек көруге болатын ойларын, естеліктер мен армандарды түйіндеуге көмектеседі. 

Табиғи ортаны қалпына келтіру жөніндегі инженерлер дәстүрлі табиғатқа ұқсас табиғи экожүйені қалыптастыратын болады. 

Ландшафт сарапшысы бұрмаланған ландшафттарда флора және фаунаның экожүйесін қалпына келтірумен айналысады. 

Адам денесінің дизайнерлері денені немесе оның жекелеген бөліктерін пішімдеуге көмектеседі.