You are here

50 жасқа толмаған ЖОО-лар рейтингісінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

Top Universities, 13.07.2017

Quacquarelli Symonds (QS) британдық компаниясы негізі соңғы 50 жылда қаланған ЖОО-ларды қарастыратын рейтингтің нәтижелерін жариялады.

Бірінші 10 орынның 6-сын төрт елдің - Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея және Австралияның ЖОО-лары алды. Жалпы алғанда, рейтингте Азия Тынық мұхиты өңірі де басым. Еуропаның жас ЖОО-ларының ішінде Аалто фин университеті үздік деп танылды. ЖОО-лардың басым саны (6) рейтингте Еуропа елдерінің ішінде Испания атынан шықты. 

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 35-орынға ие болып ТМД елдерінің ішінде рейтингтің топ-50-не кірген 2 ЖОО-ның бірі болды. Ресейдің Экономика жоғары мектебі (ЭЖМ) 48-орында тұр. Жалпы алғанда, рейтингке және оның қосымшасында әлемнің 150 ЖОО-сы кірді. 

The 2018 QS Top 50 Under 50 рейтингі 2012 жылдан бері жарияланып келеді. Рейтингте QS негізгі рейтингте пайдаланылатын әдістеме қолданылады. Оқу орындары алты критерий бойынша бағаланады, олардың ішінде академиялық бедел (жалпы балдан 40%), оқытушылар құрамының студенттердің санына арақатынасы (20%), дәйексөз келтіру индексі (20%), жұмысберушілердің арасындағы беделі (10%), шетелдік студенттердің үлесі (5%) және шетелдік оқытушылардың үлесі (5%) бар.

Топ-10 вузов рейтинга QS Top 50 under 50 за 2018 год

Орын

Оқу орны

Мемлекет

1

Наньян технологиялық университеті

Сингапур

2

Гонконг ғылым және технологиялар университеті

Гонконг

3

Корей озық технологиялар институты

Оңтүстік Корея

4

Гонконг қалалық университеті

Гонконг

5

Пхохан ғылым және технологиялар университеті

Оңтүстік Корея

6

Гонконг политехникалық университеті

Гонконг

7

Аалто Университеті 

Финляндия

8

Сидней технологиялық университеті

Австралия

9

CentraleSuplec зерттеу техникалық институты 

Франция

10

Мадрид дербес университеті

Испания