You are here

Адам еңбегін автоматтандыру не береді?

Printer-friendly versionPDF version

Forbes, 20.07.2017

21-ғасырда адами еңбектің роботтармен алмастырылуы ғылыми қоғамда ең танымал тақырыптардың бірі болды. Көптеген пікірлер таралды.

Біреулер компьютерлер, роботтар және автоматтандырылған өндіріс жақын арада адамдарды жұмыссыз қалдырады, елдерде жұмыссыздық деңгейі артады деп айтады. Адамдардың бұдан бұрын алған білімі оларға енді керек болмайды, өйткені әріптес компьютерлердің заманында жұмысберушілердің қызметкерлердің білімі мен дағдыларына қоятын талаптары өзгереді.

Басқалар автоматтандырылған өндіріс, керісінше, жұмыс орындарының санын және өндірістің көлемін арттырады  деп санайды. Мысалы, 2006 жылдан 2013 жылға дейінгі мерзімде АҚШ-та өндірістің көлемі жыл сайын 2,2%-ға артып отырды.

Жетекші компаниялар адамдарды жұмыссыз қалдырмай, керісінше, жұмыс уақытының дәл сондай  мерзімінде олардың өнімділігін арттыра отырып, өз компанияларында жасанды зияттың мүмкіндіктерін енгізіп жатыр. Бұл кейбір жұмыс түрлерінің жойылуын білдірмейді, бұл олардың жетілдірілуін және жаңартылуын білдіреді.

KPMG - аудиторлық, салықтық және консультациялық қызметтерді көрсететін фирмалардың халықаралық желісінің зерттеулері автоматтандырылған өндірісті енгізу жұмыс орындарының санын және адами дағдылардың сапасын арттыратынын дәлелдейді. Ұйымдардың басшыларына адамдар мен машиналарды бірлескен еңбекте қалай интеграциялауға болатыны туралы ойлану керек болады. Адамдардың немесе машиналардың жеңісіне қатысты пікірталастар әлі де көпке жалғасады. Бұл кезекте, роботтар адамдарды алмастырады немесе алмастырмайды деген нәтижеге қарамастан, еңбек нарығына кадрларды даярлауға үлгеру үшін барлығы білім әрдайым бір қадам алдыда болуы тиіс деген пікірмен келіседі.