You are here

Ағылшын мемлекеттерін қаржыландыру 2020 жылға қарай 6,5% қысқарады

Printer-friendly versionPDF version

Financial Times, 27.02.2017

Қазыналық зерттеулер институтының деректеріне сәйкес соңғы 30 жылда алғаш рет Англия мектептерін қаржыландыру 2020 жылға қарай 6,5%-ға төмендейді деп күтілуде.

Бір оқушыға шаққандағы шығыстардың үлесі бастауыш мектепте 300 стерлинг фунтына және орта мектепте 400 стерлинг фунтына қысқаруы мүмкін.

Бұндай жағдай ағылшындық білім беру жүйесі үшін "талықсытпалы" жағдай болуы мүмкін деп санайды баяндаманың авторы Люк Сибиет.

Автор, сонымен қатар, мемлекеттік қаржыландырудың жаңа формуласын бір уақытта енгізілуін ескере отырып, мектептердің бюджетін қысқарту біркелкі болмайды деп мәлімдеді. Мысалы, орталық Лондон мектептерінің бюджеті 3%-ға азады, ал бұл кезекте анағұрлым кедей мектептер 5,6%  арттырумен қосымша қаражат ала алады. Осылайша, бұндай дотация алған мектептер қаржыландырудың төмендеуін айтарлықтай сезбейді, ал осы кезекте, билік бюджетін тағы 3%-ға қысқартқан мектептер қиын жағдайға тап болуы мүмкін.

Бұл өзгерістерді "Англия мектептерін қаржыландыруда соңғы 25 жылдағы ірі толғаныс" деп атады.