You are here

Ағылшын тілі Вьетнамның барлық ЖОО-да оқытудың міндетті тілі болады

Printer-friendly versionPDF version

VietnamNet Bridge, 15.08.2016

Вьетнамның Білім және кадрларды даярлау министрлігі ағылшын тілін мемлекеттің барлық университеттерінде екінші тіл қылу мақсатын қойды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Білім министрлігі жол картасын дайындайды. 

ЖОО оқытушыларына ағылшын тілін оқытуда заманауи технологияларды қолдану, студенттерге тілді кеңінен қолдану үшін халықаралық байланыстарды жаһандандырудың және дамытудың маңыздылығы туралы айтуға тиісті болады. Сонымен қатар, оқытушылар мәжілістерді және педагогикалық кеңестерді өткізу барысында ағылшын тілін қолдануға тиіс болады.

Студенттер барлық презентацияларды және талқылауларды ағылшын тілінде жасауға міндетті болады.

Білім министрі Пхун Сюань Нха (Phung Xuan Nhạ) айтуынша, Білім және кадрларды даярлау министрлігі жаңа бағдарламалар арқылы педагогикалық ЖОО-ына мұғалімдерді ағылшын тіліне оқытуда қолдау көрсетеді. Бұл бағдарламалардың басты назарында шалғай жердегі мұғалімдерді оқыту болады. Оқыту бағдарламалары, оқулықтар және қосымша материалдар жетілдірілетін болады. 

2018-2019 оқу жылында ағылшын тілі мектептің 3-сыныбынан бастап міндетті пән болмақ. Сабақтар барлық сыныптар үшін аптасына 4 рет болады. қазіргі уақытта ағылшын тілі тек 10-сыныптан бастап қана міндетті пән болып табылады.