You are here

Ағылшын тілін білу дағдылары кіріс пен мансаптық өсу мүмкіндіктерін арттырады

Printer-friendly versionPDF version

Pie News, 20.04.2017

Украина (83%), Қытай (80%) және Ирак (79%) жұмысберушілерінің басым бөлігі ағылшын тілді қызметкерлеріне анағұрлым табысты еңбек шарттарын ұсынатыны туралы мәлімдеді. 

Жалпы алғанда, ағылшын тілді емес мемлекеттердегі QS Global Employer 2017 жылғы сауалнамасына қатысқан компаниялардың жартысынан астамы (57%) ағылшын тілін жетік меңгерген әлеуетті қызметкерлерге анағұрлым тиімді бастапқы пакетті ұсынатыны туралы айтты. Бұл едәуір жоғары жалақыны, мансаптың тез жоғарылауын немесе анағұрлым жоғары лауазымдарды қарастырады.

QS Global Employer 2017 саулнамасына дүниежүзінің 5,3 мың компаниясы қатысты. Деректер ағылшын тілі ресми тіл болып табылмайтын мемлекеттер мен аймақтар 10 жұмысберушінің шамамен 7-уі (69%) ағылшын тілі олардың ұйымдарында ерекше мәнге ие екенін айтты. 

Бұл жұмысберушілердің 40% астамы ағылшын тілін жетік білетін білікті мамандардың жепіспеушілігі туралы хабарлады. Орта және жоғары буын жетекшілерінің арасында бұл көрсеткіш 25%-ға тең.

2,5 мыңнан астам қызметкері бар ірі кәсіпорындар, 10-нан кем адам жұмыс істейтін шағын кәсіпорындармен салыстырғанда, ағылшын тілін білетін үміткерлерге тиімді шарттарды жиі ұсынады. Дегенмен айырмашылық айтарлықтай емес - 67%-ден 78%-ға дейін.

Ағылшан тілін білу аэроғарыштық және қорғаныс өнеркәсібінде жоғары бағаланады – жұмысберушілердің 89%-ы бұның маңыздылығын атады. Содан кейін құқықтану, энергетика және телекоммуникация тұр. 

Жұмысберушілер ағылшын тілін жетік білетін қызметкерлерге анағұрлым тиімді бастапқы пакетті ұсынатын Топ-10 мемлекет, %