You are here

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша озық мемлекеттер анықталды

Printer-friendly versionPDF version

EF EPI Шестое издание, 15.11.2016

EF Education First компаниясы дүниежүзі бойынша миллион ересек адамның тілді меңгеру деңгейіне бағалау өткізді.  Ағымдағы жылғы 15 қарашада бағалау нәтижелері бойынша «EF English Proficiency Index Индекс» есебі жарияланды. Барлық мемлекеттер ағылшын тілін меңгеру деңгейіне байланысты өте жоғары деңгейден өте төмен деңгейге дейін бес санатқа бөлінді.

Индекс EFSET деп аталатын ағылшан тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған халықаралық стандартталған тесттің нәтижелері негізінде есептелді. EFSET тесті баршаға www.efset.org сайтында тегін қолжетімді. Тесттің анонимді нәтижелері  тестілеуге қатысқандардың келісімімен «EF EPI индексін» құру үшін пайдаланылады. 

Бағалау рейтингіне 72 мемлекет қатысты (2015ж. – 70). Үздік үштікке Нидерланды, Дания, Швеция кірді.

Еуропа елдерінің басым бөлігі тілді меңгеру деңгейінде айтарлықтай өзгерістерді көрсетпеді. Франция анағұрлым жоғары беталысқа қол жетікізді, ол тілді меңгерудің төмен деңгейінен (37-орын) орташа деңгейіне (29-орын) ауысты.  Румыния (16-орыннан 20-орынға), Украина (34-орыннан 41-орынға) ағылшын тілін меңгеру деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалды. Қазақстан тілді меңгерудің өте төмен деңгейінің тобына кірді, өткен жылғыдай 54-орынды иеленді.

Азия мемлекеттерінің арасында Сингапур ерекшеленді. Сингапур тілді меңгерудің өте жоғары деңгейінің тобына кірген, 6-орынға ие болған Азияның алғашқы мемлекеті болды.

Латын Америкасы биыл  тілді меңгерудің орташа деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеген жалғыз өңір болды: Эквадор 38-орыннан 47-орынға, Гватемала 46-орыннан 53-орынға, Перу 35-орыннан 45-орынға төмендеді.

Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінде Катар (63-орыннан 59-орынға) және Марокко (52-орыннан 44-орынға) айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді. Өңірдің қалған мемлекеттері ағылшын тілін меңгерудің төмен деңгейінің тобында қалды. Ирак (66-орыннан 72-орынға) пен Оманның (58-орыннан 64-орынға) көрсеткіштері айтарлықтай нашарлады.

1-кесте. EF EPI 2016 рейтингі

Өте жоғары деңгейде

Жоғары деңгейде

Орташа деңгейде

Төмен деңгейде

Өте төмен деңгейде

1 Нидерланды

2 Дания

3 Швеция

4 Норвегия

5 Финляндия

6 Сингапур

7 Люксембург

8 Австрия

9 Германия

10 Польша

11 Бельгия

12 Малайзия

13 Филиппины

14 Швейцария

15 Португалия

16 Чехия

17 Сербия

18 Венгрия

19 Аргентина

20 Румыния

21 Словакия

22 Үндістан

23 Доминикан Республикасы

24 Болгария

25 Испания

26 Босния және Герцеговина

27 Оңтүстік Корея

28 Италия

29 Франция

30 Гонконг

31 Вьетнам

32 Индонезия

33 Тайвань

34 Ресейя

35 Жапония

36 Уругвай

37 Макао

38 Коста-Рика

39 Қытай

40 Бразилия

41 Украина

42 Чили

43 Мексика

44 Марокко

45 Перу

46 БАӘ

47 Эквадор

48 Пәкістан

49 Колумбия

50 Панама

51 Түркия

52 Тунис

53 Гватемала

54 Қазақстан

55 Египет

56 Таиланд

57 Әзірбайжан

58 Шри-Ланка

59 Катар

60 Венесуэла

61 Иран

62 Иордания

63 Сальвадор

64 Оман

65 Кувейт

66 Моңғолия

67 Алжир

68 Сауд Аравиясы

69 Камбоджа

70 Лаос

71 Ливия

72 Ирак