You are here

Ағылшын тіліндегі оқыту бағдарламалары жоғары білім беруге қалай ықпал етеді

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 01.09.2017

Соңғы 25 жылда континенталдық Еуропада жоғары оқу орындарының көпшілігі ағылшын тілінде жеке курстар мен тұтастай бағдарламаларды ағылшын тілінде оқыта бастады. Зерттеулер ағылшын тілі оқытудың, әсіресе магистратура деңгейінде, негізгі тіліне айналғанын көрсетеді. Атап айтқанда, Нидерландыда барлық магистрлік курстардың 70%-ы және бакалавриаттың 20%-ы ағылшын тілінде оқытылады.

Алайда, ағылшын тілінде оқытудың қарсыластары әрдайым болды. Біріншіден, саяси көзқарастан алғанда, жергілікті тілдегі оқытудан ағылшын тіліндегі оқытуға өту жергілікті тіл мен мәдениетке қауіп төндіреді деген уәж.

Екінші уәж – шетел тіліндегі оқыту оқыту сапасын нашарлатады және жергілікті студенттердің саны өсіп келе жатқан шетелдік студенттермен бәсекелесуге қабілеттігін шектейді.

Осы кезекте, ағылшын тілінде оқытуға сынды университеттердің студенттері, ректорлары мен президенттері білдіріп жатқан жоқ. Олар интернационалдандыру үрдісі, саралау және бәсекелестік үшін ағылшын тілінің маңызын атайды.

Әдетте, тіл саясатымен айналысатын оқытушылар мен ұйымдар қарсы шығады. Олардың негізгі уәжі -университеттер оқыту сапасына зиян келтіре отыра интернационалданады.

Нидерландының Білім, мәдениет және ғылым министрлігі голландтық жоғары білім берудегі тіл және тіл саясатын таңдау тақырыбы бойынша зерттеу жүргізді.

Зерттеушілер ағылшын тілінде оқытатын бағдарламалар саны өсуінің голландтық студенттерге тигізетін кері әсерінің сенімді дәлелдерін таба алмағандығын атайды. Сондай-ақ, екі тілдегі оқыту жоғары білім беру деңгейінде тілдік дайындықты анағұрлым жақсартуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, мигранттар және қолайсыз отбасылардан шыққан оқушылар үшін теріс әсері байқалады. Мамандар, сондай-ақ, голланд тілінің академиялық орталарда өз күшін жоғалтуынан қауіптенеді.