You are here

АҚШ-қа балалардың 75%-ын мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін 150 жыл керек

Printer-friendly versionPDF version

Washington Post, 12.05.2016

Ратджер университетінің Ұлттық мектепке дейінгі білімді зерттеу институтының (National Institute for Early Education Research) есебіне сәйкес мектепке дейінгі біліммен қамтудың өсімі мен оның сапасын жетілдіру бойынша іс-әрекеттер қызметтің қажеттілігінің өсіміне сәйкес келмейді. 3-4 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтылуы жыл сайын 1%-дан кем көрсеткішке ұлғаяды. 

Өйткені, 2010-2015 жылдарда 3 жастағы балаларды қамту 4%-дан 5%-ға, ал 4 жастағы балаларды 28%-дан 29%-ға артты. Бұндай жағдайда АҚШ-қа балалардың 75%-ын сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін 150 жыл керек болады. 

Жалпылай алғанда, елде мектепке дейінгі білім беруді қаржыландыру 2014-2015 оқу жылында 10%-ға көбейді. Бұнда бұл өсімнің үштен екі бөлігі Нью-Йорк штатына тиесілі болды. Есепте штаттар бойынша мектепке дейінгі білім беру саласының тұрақсыз қаржылануы аталып өтілді. Осылайша, Нью-Йорк штатындағы қаржыландыру $358 млн.-ға өсті. Сол кезде кейбір штаттарда мектепке дейінгі білім беру шығындары $10 млн.-ға өссе, 4 штатта $10 млн.-ға кеміді.

Нью-Йорк штатындағы қаржыландырудың ұлғаюы 13 мың жаңа орындарды ашуға мүмкіндік берді. Осы штаттағы 4 жастағы балалар 70%-ға қамтылған. Бұл ел бойынша үздік көрсеткіштердің бірі болып табылады. 2014-2015жж. тұрақсыз жылдық қаржыландырудың кесірінен АҚШ-тың 13 штатында әрқайсысында балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту шамамен 2 мыңға қысқарды.