You are here

АҚШ мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштері бойынша ЭЫДҰ елдерінен айтарлықтай артта қалуда

Printer-friendly versionPDF version

US News, 15.09.2016

36 мемлекеттің "Білімге көзқарас 2016" есебінің соңғы деректеріне сәйкес АҚШ балабақшаға баратын 3-4 жастағы балалардың саны бойынша 29-орында тұр Андреас Шляйхердің айтуынша, бұл - АҚШ халықаралық стандарттардан айтарлықтай артта қалып жатқан сала.

АҚШ-та 3 жастағы балалардың 42%-ы және 4 жастағы балалардың 68%-ы мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларымен қамтылды. ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіш 3 жастағы балалар үшін 71%-ды және 4 жастағы балалар үшін 86%-ды құрайды. 

Сонымен қатар деректер сандардың 2005 жылдан бері айтарлықтай өзгеріссіз қалғанын көрсетті, ол кезде 3 және 4 жастағы балалардың сәйкесінше 39% және 68% балабақшаға барған екен.

Бұны Мексика сияқты мемлекеттің көрсеткіштерімен салыстыруға болады. Франция, Бельгия, Израиль, Испания, Норвегия, Германия, Швеция және Италияда екі жастық топқа жататын балалардың 90%-ы және одан да көп бөлігі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қатысады екен.

Өз кезегінде PISA зерттеуінің деректері балабақшаға бармаған білім алушылардың 41%-ының математика пәнінен білімдері төмен екенін көрсетті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бір жылдан артық уақыт барғандардың арасында олардың үлесі 24%-ды құрады.