You are here

АҚШ мектепке дейінгі оқытуды ұсынуда ЭЫДҰ-ның басқа елдерінен артта қалды

Printer-friendly versionPDF version

Quartz, 22.06.2017

Соңғы 15 жылда АҚШ балаларға мектепке дейінгі білім беруден ЭЫДҰ басқа елдерінен едәуір артта қалды. Осы көрсеткіш бойынша АҚШ тек Түркиядан, Грециядан және Швейцариядан ғана озды.

Дамыған елдердің басым бөлігінде кем дегенде бір жылдық мектепке дейінгі білім міндетті болса, АҚШ-та 4 жасқа толған балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 68% деңгейде тұр. Бұл ЭЫДҰ елдеріндегі 86% орташа мәннен едәуір төмен болып отыр. 

ЭЫДҰ Білім және дағдылар директоратының басшысы Андреас Шляйхер АҚШ 2001 жылдан бері мектепке дейінгі оқытуға жұмсайтын шығыстарын арттырғанын атады. Алайда, олар бұл көбіне жоғары кіріс деңгейімен отбасыларға бағытталды.

Көптеген зерттеулер мектепке дейінгі оқыту балалардың ойлау қабілетін дамытуда ерекше маңызды екенін көрсетті. Баланың миы өмірінің үшінші жылы жақсы дамиды және мектепке дейінгі оқыту балаларға олардың когнитивтік және эмоциялық дамуында көмектесе алады. ЭЫДҰ зерттеулері мектепке дейінгі ұйымдарға барған балалар мектепке дейінгі білімді алмаған қатарластарынан 30 балға артық нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті.