You are here

АҚШ-та ата-аналардың тек 23%-ы ғана сапалы күтімнің баланың туылғанынан дамуына әсер ететіні туралы біледі

Printer-friendly versionPDF version

US News, 14.07.2016

АҚШ-та ата-аналардың басым бөлігі балаларды сәби жасынан ерте дамытудың маңыздылығы туралы жеткілікті дәрежеде ақпараттандырылмаған. Бұндай қорытындылар 2,2 мың ата-ананың сауалнамасынан кейін жасалды.  

Күтім жасаудың сапасы балаға туылғаннан бастап ықпал етеді. Өз кезегінде, ата-аналардың 50% күтім жасаудың сапасы бала тек 6 айға толғаннан кейін ғана маңызды екеніне сенімді, ал 27% бала 2 жасқа толғанға дейін аса маңызды емес деп санайды.

Көптеген ата-аналар баланың тілдік дамуы туралы жеткілікті ақпараттандырылмаған. Ата-аналардың шамамен жартысы (45%) кітаптарды дауыстап оқудың бала 2 жасқа толғаннан кейін ғана  мәні бар екеніне сенімді. Шын мәнінде дауыстап оқу 6 айдан бастап балалардың тілдік дамуына ықпал етеді. Баламен араласуды ата-ананың 63% үшін 3 жасқа толғанға дейін маңызды фактор деп қарастырмайды. Дегенмен, баламен араласу туылғаннан бастап тілдік дағдылардың дамуына әсер етеді.

3-5 айда балалар қорқынышты және қайғыны сезінеді. Дегенмен, ата-ананың 49% бұл сезімдер балаларда бір жаста, ал 23%  2 жаста ғана пайда болатынына сенімді.

Дегенмен, сауалнаманың нәтижелері ата-аналардың өзінің балаға күтім жасау тәжірибесін жетілдіруге ниет білдірді. Осылайша, ата-ананың 91% баланы тәрбиелеуден қуаныш алады, 10-нан 9-ы өздерінің ата-аналық міндеттерін адал ниетпен орындауға тырысады. Ата-аналардың жартысынан астамы баланың эмоциялық және ақыл-ой дамуын зерттеуге ниет білдірді.