You are here
АҚШ-та бір жарым миллион бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды


State of Preschool Yearbook жыл сайынғы есебіне сәйкес, бір жарым миллионға жуық американдық бала 2015-16 оқу жылы мемлекеттік мектепге дейінгі ұйымдарға барды, бұл тарихтағы ең үздік көрсеткіш болып табылады.
Колумбия округі 3 және 4 жасар балаларды мемлекеттік мектепге дейінгі бағдарламалармен қамту және осы бағдарламаларға жұмсалатын жалпы шығыстар бойынша қайта жетекші орынға ие болды. Есептің деректеріне сәйкес, а.ж. қалада 4 жасар балалардың 81%-ы және 3 жасар балалардың 70%-ы мектепге дейінгі ұйымдарға барды.
Штаттардың арасында Флорида 4 жастағы балалардың ең жоғары қамтылуын (76%), Вермонт 3 жастағы балалардың ең жоғары қамтылуын көрсетті. Жеті штат Айдахо, Монтана, Нью-Гемпшир, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Юта және Вайоминг бұрынғыдай мектепге дейінгі бағдарламаларды ұсынбайды:
Ұлттық деңгейде 4 жасар балалардың 32%-ы және 3 жасар балалардың 5%-ы мектепке дейінгі ұйымдарға барады. Баяндамаға сәйкес, 3 және 4 жастағы балалардың шамамен 8%-ы жуығы федералды бюджеттен қаржыландырылатын «Сәтті старт» (Head Start) мектепке дейінгі бағдарламаға қатысады. Бір балаға жұмсалатын мемлекеттік шығыстар шамамен 5% артты.
Баяндамада федералдық үкімет 18 штатта жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беруді дамытуға бөлінетін субсидиялар бағдарламасын арттыруға ұсынылды.