You are here

АҚШ-та мектепке дейінгі білім шығындары университтетте бір жыл бойы оқуға жұмсалатын шығыстарға тең

Printer-friendly versionPDF version

CNBC, 22.03.2017

АҚШ-та мектепке дейінгі білімнің орташа жылдық шығыстары елдің кейбір университеттеріндегі оқудың құнына жақындап келеді. Осылайша, Олбани қаласындағы Нью-Йорктың мемлекеттік университетінде бір жыл оқу, тұру және тамақтану $22 205 құрайды. Нью-Йорк штатында мектепке дейінгі білім беру ұйымына барудың жылдық құны $25 844 құрайды.

Өмір сүру деңгейі анағұрлым төмен жерлерде жағдай өзгеріссіз болып қалып отыр. Бұл кезекте, балаға өз бетінше күтім жасау да ата-аналар үшін тиімді емес. Америкалық үрдіс орталығының (Center for American Progress) есептеуіне сәйкес, егер  жылдық табысы $30 253 құрайтын 26 жастағы әйел бала күтіміне байланысты бес жылдық үзіліс алса, ол өз мансабының жолында $467 мың жоғалтады. Осылайша, оның табысы өмір бойында 19%-ға қысқарады.