You are here

АҚШ-та мұғалімдерді даярлауға арналған виртуалды симуляторларды қолданатын ЖОО саны өсіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Education World, 18.04.2016

АҚШ-та Орталық Флорида Университетінің ғалымдары әзірлеген TeachLIVE симуляторы әйгілі бола бастады. Ол педагогикалық мамандықтардың студенттеріне білім алушылармен бірге қызмет дағдыларын үнемі машықтап отыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың қағидаты келесі: студенттер кішігірім кабинетке кіріп, үлкен бейнемониториндың алдында тұрады. Бөлмедегі оқытушы сынып үлгісін жасай бастайды және экран алдында сынып пайда болады. Симулятормен 10 минуттық жұмыс кезінде студенттер қызметтің көптеген түрлерін және оқушылардың тәртібін қарастырады.

Болашақ мұғалім сабақты "Топтық талқылаулар кезінде белсенді тыңдарман болу үшін не істейтінін есіме кім салады?" деген сұрақпен бастай алады. Студент сабақты жалғастырған сайын виртуалды оқушылар орнынан айқай сала алады, ұялы телефонды алып, хабарлама жібере алады. Бұған жауап ретінде студент жекелеген оқушылардың тәртібін түзеу және оларды сабаққа тартуға бағытталған сыныпты басқарудың әртүрлі стратегияларын пайдалана алады.

Бағдарламаны әзірлеушілердің айтуынша, виртуалды сынып студенттерге жедел кері байланысты ұсынуда ерекше пайдалы. Практика кезінде сабақ беретін студенттер кері байланысты сабақ өткеннен кейін емес, жиі түрде анағұрлым кейін алады. Симулятормен жұмыс істегенде, виртуалды сабақтың барысын бақылап жатқан оқытушы бірден кері байланысты ұсынады.

Бағдарлама студенттерге қатемен жұмыс жасауға да мүмкіндік береді, бұл шынайы сыныппен жасауға мүмкін болмас еді.

EdTech журналының деректері бойынша АҚШ-тың шамамен 80 ЖОО болашақ мұғалімдерді даярлауда виртуалды сыныптарды пайдаланады.