You are here

АҚШ-та оқытатын жаңа құрдас-роботты ойлап тапты

Printer-friendly versionPDF version

ScienceDaily, 14.03.2016

Массачусетс технологиялық институтта ғалымдар Tega атты әлеуметтік роботты ойлап тапты. Tega Роботы балабақшалардың үлкен топтарында жеке оқытуға арналған.  

Роботтың Android платформасы және бет әлпеті көмегімен эмоциялық күйін анықтайтын Affectiva Inc. қамтамасыз ету бағдарламасы бар.  

Эксперимент ретінде 3 және 5 жас аралығында 38 бала зерттелді. Tega күніне әр баламен 15 минуттан 8 апта бойы жеке жұмыс жасады.  

Балалар испан тілін компьютерлік ойында оқыды. Tega сол уақытта баланың қасында болып, оған көмектесіп тұрды. Сонымен қатар, ол ойынға деген қызығушылықты бақылап тұрды, қолдап және балалармен бірге тітіркенуді көрсетті

Зерттеу нәтижесінде Tega-ның басқа роботтардан айырмашылығы анықталды. Жаңа робот балалардың эмоциялық реакциясын түсініп, бірегей мотивациялық стратегия құрай алады. 

Осылайша, дағды мен білімге, қарым-қатынас жасауға құрдастармен бірге оқыту оқытудың тиімді әдісі болып табылады.  

Зерттеу нәтижелері ақпан айында Жасанды интеллектті жақсарту Ассоциациясының (AAAI) 30-конференциясында ұсынылды.

Зерттеушілер жүйені әр түрлі жағдайларда, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі студенттермен де, жетілдіруді және сынауды жоспарлап отыр.