You are here

АҚШ-та STEМ ерте жастағы балаларды оқытуға арналған жаңа бағдарламаларды іске қосады

Printer-friendly versionPDF version

Education Week, 22.04.2016

Обама президентінің әкімшілігі АҚШ-та STEM білім беруді ерте зерттеуге баса назар тарта отырып, оны ілгерілеуді жалғастырып жатыр. Ақ үйде балалардың жаратылыстану және техникалық ғылымдармен, математикамен және инженерлік іспен ерте танысуы - елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың маңызды шарты деп есептейді.

STEM ерте оқыту мәселелері жөніндегі симпозиумде STEM саласыгда ерте оқытуды қолдауға бағытталған бірқатар бағдарлмаларды жүзеге асырудың басталуы туралы мәлімделді. 

Атап айтқанда, АҚШ Білім министрлігі ғылымға ерте оқыту әлеуметтік-экономикалық мәртебесі әртүрлі отбасылардан шыққан балалардың академиялық нәтижелерін қалай жақсартуы мүмкін болатын зерттеулерді өткізуге арналған жаңа гранттар туралы хабарлады.

Сонымен қатар, федералдық үкімет ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдарға арналған "STEM туралы сөйлесейік, оқиық және ән айтайық!" (Let's Talk, Read, and Sing about STEM!) атты оқыту ресурстарының қорын әзірледі. 

Сонымен қатар ерте жастағы балаларға арналған математика және биология пәндерінен оқытатын бірқатар телебағдарламалар, ойындар мен мобильдік қосымшалар әзірленеді. 14 америкалық қалада 400-ден астам бала қатысасын тегін жазғы математикалық лагерьлер ашылады.

Массачусетс ерте білім беру және оқыту жөніндегі департамент STEM "елшілерін" дайындайды. Олар тренингтер өткізеді және 700 мұғалім мен мектепке дейінгі ұйымдарға STEM-білімді дамыту үшін қолдау көрсетеді.  

Симпозиумде баяндама жасай отырып, Ақ үйдің білім жөеіедегі кеңесшісі Роберто Родригез барлық балалардың білімқұмар болып туылатынын атап өтті. Сондықтан олар үшін берік негіз салу және STEM зерттеу мүмкіндігін олар өсіп жатқан орта арқылы беру өте маңызды.

АҚШ Білім беру департаментінің жетекшісі Джон Кинг та зерттеуге сілтеме жасады, оған сәйкес осы салаға салынған инвестициялардан түсетін қорытынды кірістер бастапқы салымдардан сегіз-тоғыз есе артуы мүмкін.