You are here

АҚШ-та теңсіздіктің дамуы мектепке дейінгі білімнен басталады

Printer-friendly versionPDF version

US News, 27.07.2017

Балалар ерте дамуының нәтижелері отбасының кірісіне және ата-ананың білім деңгейіне қатысты едәуір ерекшеленеді. Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігіндегі теңсіздік соның бір себебі болып табылады.

АҚШ-та 4 жастағы балалардың шамамен 90%-ы $100 кіріс деңгейімен отбасылардан шыққан, олар мектепке дейінгі ұйымдарға барады. Бұл кезекте, әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасылардан шыққан балалардың тек шамамен үштен екі бөлігі ғана мектепке дейінгі біліммен қамтылған. 

Осылайша, мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі көбінесе отбасының кіріс деңгейіне тәуелді болады. Төмен әлеуметтік-экономикалық мәртебемен отбасылар кірістің шамамен 30%-ын мектепке дейінгі білімге жұмсайды. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы анағұрлым қолайлы отбасыларда бұл сан 8%-ға дейін жетеді. Бұл кезекте, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін пайдаланатын әлеуметтік-экономикалық мәртебесі төмен отбасыларға баланың дамуына арнаған кітаптар мен басқа материалдарды сатып алу үшін аз қаражат қалады.

Нәтижесінде, мектепке дейінгі білімге анағұрлым мұқтаж балалардың оны алу мүмкіндігі әлдеқайда аз болады. АҚШ-та ата-аналарды кіріс деңгейіне сәйкес қолдау жүйесінің болмауы негізгі мәселе болып табылады. АҚШ бала күтіміне байланысты кепілдендірілген демалыс берілмейтін әлі де жалғыз мемлекет болып отыр. Басқа дамыған мемлекеттерге қарағанда, мектепке дейінгі білім беру саясаты 3-5 жастағы балаларды жалпы қамтуға қол жеткізуге әлі де сүйінбейді.