You are here

АҚШ-та, ЮТА штатында, онлайн мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын қаржыландыру ұлғайтылды

Printer-friendly versionPDF version

The Salt Lake Tribune, 28.03.2016

АҚШ-тың ЮТА штатында UPSTART мектепке дейінгі білім берудің онлайн бағдарламасын қаржыландыруды $2 млн.-ға арттырды. Осылайша, бағдарламаның біржылдық қаражаты енді $6,7 млн.-ді құрайды.

Анықтама үшін: UPSTART (Utah Preparing Students Today for Rewarding Tomorrowмектепке дейінгі білім берудің онлайн пилоттық бағдарламасы 2009 жылы енгізіліп, алғашқы бес жыл ішінде 7 мың баланы қамтыды. Бағдарламаны Ватерфолд Институты (Waterford Institute) әзірледі. Қосымша ақпарат №53 Дайджестта келтірілген. 

Қаржыландыруды арттыру келесі жылы қосымша тағы да 7 800 баланы немесе штаттағы 4 жастағы балалардың 20%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Енгізуден кейін UPSTART бағдарламасы алыс аймақтар мен ауыл аймақтарды қоса, 19 мың баланы қамтыды. Сонымен қатар, қосымша қаржыландыру кейбір отбасыларға тегін компьютер мен интернетке қосылуды ұсынуға мүмкіндік береді. Басымдық табыс деңгейі төмен отбасыларға беріледі. Өткен жылы табысы төмен отбасылардың 58%-ы мектепке дейінгі білімнің онлайн бағдарламасына  қатысты. 

UPSTART онлайн бағдарламасының құны дәстүрлі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалардан әлдеқайда төмен. Дегенмен, үшінші мүдделі тараптың бағасы UPSTART бағдарламасы балалардың дамуына оң әсер ететінін көрсетеді.