You are here

АҚШ-тың білім беру жүйесі жаңа Президенттің келісімен қалай өзгереді?

Printer-friendly versionPDF version

mel.fm, 08.11.2016

АҚШ-тың президенттік сайлауы Дональда Трамптың жеңісімен аяқталды. Жаңа Президенттің келуі АҚШ-тың білім беру саласына әсерін тигізбей қоймас.

Трамп білім беру жүйесіне жұмсалатын шығыстарды қысқарту туралы бірнеше рет айтқан болатын (АҚШ білім департаментінің биылғы бюджеті — $215 млрд). Білім беру саласында, Трамптың пікірінше, бір баршаға арналған әмбебап тәсіл жұмыс істемейді: Техас балаларын неге үйрету керек екенін Вашингтоннан айтып отыруға болмайды. 

Осы себептен де Трамп Common Core америкалық білім беру стандартын жоюды ұсынды. Стандарт білім беруді ңәртүрлі деңгейлерінде пәндер бойынша оқыту нәтижелерін нақты анықтайды, сонымен қатар оқушылардың түрленген тестілеуін енгізеді. Ағылшы тілі мен математика бойынша стандарттар 2009ж. пайда болды, оларды 50 штаттың 42 қабылдады. Бұл бағдарламаны жүргізу түлек балабақшамен мектепте өткізген 13 жылда нені біліп, нені істей алуы керек екені туралы келісу әрекеті еді. Дональд Трамп өз баяндамаларында Common Core «апат» деп атады. Ең алдымен бір стандартты барлық америкалықтарға тықпалау себебінен. 

Трамп әрбір оқушының өз ниетімен мемлекеттік, жекеменшік немесе чартерлік мектепті таңдау мүмкіндігі болу керек деп айтты. Бұндай тәсіл арқылы мектептер оқушылар үшін белсенді бәсекелеседі деп есептеледі: мемлекеттік мектеп қабылдаған оқушылардың санына тең келетін қаржы алады.

Анықтама үшін: Чартерлік мектеп (charter school) – мемлекет тарапынан да, жекеменшік қаражаттар есебінен де қаржыландырылатын тегін муниципалдық мектеп.

Трамп нашар мектептерде болатын және оқуда нашар нәтижелер көрсететін африка-американдықтарды және басқа нәсілдік азшылықтардың өкілдерін қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.