You are here

АҚШ-тың халықаралық студенттерінің саны алғаш рет бір миллионнан асты

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 14.11.2016

АҚШ-тың колледждері мен университеттеріне оқуға қабылданған халықаралық студенттердің саны 2015-2016 оқу жылы алғаш рет 1 млн. адамнан асты.

Халықаралық білім интситуты есебінің деректеріне сәйкес АҚШ-та 200 астам мемлкеттен келген студенттер білім алады. Олардың ел экономикасына қосар үлесі 2015-2016 оқу жылы $32,8 млрд. құрады. Олар 400 мыңнан астам жұмыс орындарын қамтамасыз етті.

Шетелдік студенттердің анағұрлым көп санын Нью-Йорк университеті (15,5 мың), Оңтүстік Калифорния университеті (13,3 мың), Аризона штатының университеті (12,8 мың), Колумбия университеті (12,7 мың) және Урбан-Шампейндегі Иллиной университеті (12,1 мың) тартты.

Студенттердің анағұрлым көп саны Қытайдан (304 мың), Үндістаннан (165,9 мың), Сауд Аравиясынан (61,3 мың), Оңтүстік Кореядан (61 мың) келеді.