You are here

АҚШ жоғары білім алмаған табысты адамдар туралы аңызды жоққа шығарды

Printer-friendly versionPDF version

US News, 20.04.2017

АҚШ-тың ең табысты кәсіпкерлерінің бірі, Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг пен Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс, Гарвард университетіндегі оқуын аяқтамады. Ал Apple корпорациясының негізін қалаушы Стив Джобс Рид-колледжіндегі оқуын аяқтамады. Олардың мысалында өмірде табысқа жету үшін ЖОО дипломы керек емес деген аңыз пайда болды. Алайда, үш америкалық IT-кәсіпкер бірыңғай ерекшелік болып табылады. Табысты кәсіпкерлердің басым бөлігі ЖОО-ны аяқтады.

US News зерттеуінің шеңберінде АҚШ-тың танымал 11 745 адамының, соның ішінде корпорация басшыларының, федералдық судьялардың, саясаткерлердің, миллионерлердің және басқа да ықпалды адамдардың білім алу жолы зерттелді. Зерттеу қорытындыларына сәйкес, көшбасшылардың 94%-ы ЖОО-ны бітірді, ал 50%-ы элиталық университеттердің түлектері болып табылады (Шырмауық лигасының ЖОО-лары немесе тұрақты түрде жоғары рейтингі бар кез келген басқа ЖОО). Элиталық университеттерге Forbes нұсқасы бойынша ең ықпалды тұлғалар тізіміне кіретін адамдардың 80%-ы барды.

Нәтижелер университетте білім алу мансап жолында ары қарай жоғарылау үшін өте маңызды екенін көрсетеді. ЖОО аяқтамаған Гейтс, Цукерберг пен Джобс жағдайында да, олардың университетте білім алу тәжірибесі маңызды роль орындады. Зерттеудің нәтижелері барлық студенттердің АҚШ-тың үздік ЖОО-ларына тең қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызын да атады.