You are here

АҚШ жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейтеді

Printer-friendly versionPDF version

The Washington Post, 24.06.2016

АҚШ президентінің әкімшілігі 22 жылдан бері қолданыста болған тыйым салуға қарамастан, "Екінші мүмкіндік" атты қамауға алынғандарға арналған білім гранттарын берудің пилоттық бағдарламасын іске қосты. 

Анықтама үшін: 1994 жылы Конгресс оқығысы келетін қамаудағыларға Пелл-гранттарын (студенттердің білім алу шығындарын федералдық бюджеттен өтеуге арналған гранттар) беруге тыйым салды.  Барака Обаманың әкімшілігі шешім тапты — Пелл-гранттар жүйесі шеңберінде шектелген сынақ бағдарламаларды өткізу. "Екінші мүмкіндік" осындай бағдарлама болады. 

Пилоттық бағдарламаның арқасында бакалавр дәрежесін американдық түрмелерде мерзімін өтеп жатқан 12 мыңға жуық адам ала алады. Пилоттық бағдарламаның құны — $30 млн.

Үкімет пен көптеген түрмелерде білім алуды сотталғандарды оңалту және қылмыс қайталануын алдын-алудың жақсы тәсілі деп санайды. 

Бағдарламаға 27 штаттың 100-ден астам түрмесі мен 67 колледжі қатысады. Сотталғандар маман (Associate’s degree) немесе бакалавр дәрежесін ала алады. Үміткерлерге қойылатын басты талап — бағдарлама басталғаннан кейін 5 жыл ішінде, мысалы, шартты-мерзімнен бұрын, түрмеден шығу мүмкіндігі. 

Анықтама үшін: Associate’s degree — мектепті аяқтау мен бакалавр дәрежесі аралығындағы аралық дәреже. Дәреже колледждің екі жылдық бағдарлама аяқтағаннан кейін беріледі және қосымша екіжылдық оқуды аяқтағаннан кейін бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндік береді.