You are here

Америкалық колледждер мен университеттер 2016 жылы қайырымдылықтан түскен кірістерін 1,7%-ға арттырды

Printer-friendly versionPDF version

Inside HigherEd, 07.02.2017

Білімге көмек көрсету кеңесінің (Council for Aid to Education) сауалнама деректеріне сәйкес АҚШ-тың колледждері мен университеттері 2016ж. ерікті қайырымдылықтан $41 млрд. алды. Олар: өнер объектілері, құнды қағаздар және мүлік, сонымен қатар ақша. 2015ж. салыстырғанда жалпы сомма 1,7%-ға артты.

Гарвардский университеті $1,19 млрд.-пен көшбасшы болды. Стэнфорд университеті - екінші ($951,15 млн.), Оңтүстік Калифорния Университеті - үшінші ($666,64 млн.).

Зерттеу қайырымдылықтың 24,2%-ын түлектер, 18,3%-ын осы университетте оқымаған жеке тұлғалар, 30,4%-ын әртүрлі қорлар, 16,1%-ын корпорациялар және 11%-ын басқа ұйымдар бергенін көрсетті.

Өткен жылмен салыстырғанда, корпорациялар (14,8%) және қорлар (7,3%) тарапынан түскен қайырымдылық артты. Бұл кезекте түлектер (8%) және басқа жеке тұлғалар (6%) тарапынан түскен қайырымдылық төмендеді.

Қайырымдылық университет бюджетінің маңызды бөлігі болып табылады және жалпы табыстың 10% дейін құрайды. Бұл кезекте донорлар, әдетте, бұл қаражатты зерттеулерді өткізу үшін пайдалануды шектейді. Студенттерге қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражаттың соммасы 2015ж. салыстырғанда 0,9%-ға артып, 16,8% құрады.