You are here

Американдық киноакадемия номинациясы: Оскар жүлдесіне үміткерлер қайда білім алды?

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 26.02.2016

Times Higher Education (THE) Оскар жүлдесіне үміткерлер қайда білім алғанын талдады. Талдау олар әлемнің 100-ден астам ЖОО түлектері екенін көрсетті. АҚШ және Ұлыбританияның білім беру мекемелері жиі кездеседі, дегенмен тізімге Швеция, Австралия, Франция, Ирландия, Мексика, Оңтүстік Африка және Жапония да кірді.

Оскарға үміткер болған түлектер саны бойынша Нью-Йорк Университеті (9), Гарвард университеті (7), Әулие Мартин атындағы Өнер жіне дизайннің орталық колледжі  (5), Йель университеті (4), Стэнфорд университеті (3) көшбасшы болды.

THE соңғы рейтингіне кірген 59 ЖОО-ның түлектері мен бұрыңғы студенттері Оскар жүлдесіне үміткер  болды. Сонымен қатар, рейтингке кірмеген 52 мамандандырылған білім беру мекемелерінен де Оскарға үміткерлер шықты.

Оскарға үміткер болған түлектер саны бойынша Топ-10 ЖОО 

THE-дегі орны

Университет атауы

Мемлекет

Оскар жүлдесіне үміткерлер саны

30

Нью-Йорк Университеті 

АҚШ

9

6

Гарвард университеті

АҚШ

7

 

Әулие Мартин атындағы Өнер жіне дизайннің орталық колледжі 

Ұлыбритания

5

12

Йель университеті

АҚШ

4

3

Стэнфорд университеті

АҚШ

3

4

Кембридж университеті

Ұлыбритания

2

15

Колумбия университеті

АҚШ

2

16

Калифорния университеті

АҚШ

2

51

Браун университеті

АҚШ

2

64

Бостон университеті

АҚШ

2