You are here

Американдық оқушы пневмонияға қарсы антибиотикпен жұмыс жасап жатыр

Printer-friendly versionPDF version

                                                                               straitstimes, 03.04.2017

Сингапурда туып-өскен жоғары сынып оқушысы Кэтрин Лаи "Балаларға арналған Нобель сыйлығы" деген атпен әйгілі Intel Science Talent Search-2016 байқауының финалына шықты. Ол миллиондаған элементтердің скринингіне арналған бағдарламалық қамсыздандыруды және алгоритмді жасап шығарды, олардың үйлесімділігі пневмония бактерияларын зарарсыздандыруға мүмкіндік береді. 

Анықтама үшін: Intel Science Talent Search – тинейджерлердің арасында ғылыми әзірлемелер байқауы, ол АҚШ-та 1942ж. бастау алды.  Оның финалистерінің арасынан ғылым бойынша Нобель сыйлығының 12 иегері бар. Байқаудың кәсіпқой төрешілерінің қатарына ғалымдар, математиктер мен инженерлер кіреді; жеңімпаздарға $150 мың мөлшерінде сыйлық беріледі.

Кэтрин Лаи Нью-Йорк мектебінде биоинформатиканы оқыды. Ғылымның бұл саласы компьютерлерді кешенді биологиялық тапсырмаларды шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бағдарламалауды қосымша меңгеру оған скринингтің өз алгоритмін жасауға көмектесті. Ол, сонымен бірге, жұтқыншақ ісігін тудыратын гендер жиынтығы туралы ғылыми мақала да жариялады.