You are here
Жасанды зият бізді жұмыс орындарысыз қаншалықты тез қалдырады?


Адамның жақсы жақтары өте көп: көбімізді жаңалықты ашу сезімі кернейді, көбіміз шахмат ойнай аламыз, күрделі саяси мәселелерді шеше аламыз және басқа адамдармен байланыстарды орната аламыз. Бірақ технологиялық ілгеріліс себебінен жұмысты жоғалту үрейі қоғамды ертеден қобалжытады,алайда, ол кезде бұл технологиялар болды деп айту қиын.
Соңғы бірнеше жылда жақында көбіміз жұмысын жоғалтады деген болжамдардың кең ағыны болып жатыр. Бұл болжамдар әлемнің әртүрлі компанияларынан, ой-талқы орталықтарынан және зерттеу интитуттарынан шығады. Осы басылым парақтарының бояуы кеппей тұрып-ақ,тағы бір зерттеу орталығы он жылдан кейін әлем бойынша миллиондаған адам жұмыссыз қалатыны туралы болжам жасаған шығар.
Көптеген болжамдарды ескере отырып, МИТ Технологиялық шолу (MIT Technology Review) Массачусетс технологиялық институтының баспасы автоматтандыру және жасанды зият (ЖЗ) себебінен жұмыс орындарын болжамды ысыраптар туралы барлық сандарға мониторинг жүргізе бастады.
Қашан |
Қайда |
Жұмыс орны жоғалады |
Жұмыс орны ашылады |
Дереккөз |
2016 |
Әлемде |
|
9 мың - 1,5 млн |
|
2018 |
АҚШ |
13,9 млн |
3 млн |
|
2020 |
Әлемде |
|
1-2 млн |
|
2020 |
Әлемде |
1,8 млн |
2,3 млн |
|
2020 |
15 стран |
7,1 млн |
2 млн |
|
2021 |
Әлемде |
|
1,9 - 3,5 млн |
IFR |
2021 |
АҚШ |
9,1 млн |
|
|
2022 |
Әлемде |
1 млрд |
|
|
2025 |
АҚШ |
24,2 млн |
13,6 млн |
|
2025 |
АҚШ |
3,4 млн |
|
|
2027 |
АҚШ |
24,7 млн |
14,9 млн |
|
2030 |
Әлемде |
2 млрд |
|
|
2030 |
Әлемде |
400 - 800 млн |
|
|
2030 |
АҚШ |
58,2 млн |
|
|
2033 |
АҚШ |
67,9 млн |
|
|
2035 |
АҚШ |
80 млн |
|
|
2035 |
Ұлыбритания |
15 млн |
|
|
– |
США |
13,6 млн |
|
|
– |
Ұлыбритания |
13,7 млн |
|
Сіз байқағандай, болжамдар оптимистік деңгейден алмағайып деңгейге дейінгі аралықта құбылтады. Деректер, тіпті ұқсас уақыт жиектемелерін сақтағанның өзінде-ақ, он миллиондаған жұмыс орындарымен ерекшеленеді. 2017 ж. Гартнер (Gartner) консалтингтік компаниясы автоматтандыру 2020 жылға қарай әлем бойынша 1,8 млн жұмыс орнын қысқартады деген болжамдарды жариялады. Дәл сол жылы Форрестер (Forester) басқа зерттеу және консалтингтік компаниясы өз сандарын жариялады, соларға сәйкес 2018 ж. тек АҚШ-тың өзі-ақ 13,8 млн жұмыс орнын жоғалтады.
Егер ары қарай қарайтын болсақ, онда сандардағы айырмашылық арта түседі. Ең үрейлі болжамды футурист Томас Фрей Thomas Frey) жасады, бұған сәйкес 2030 жылға қарай әлемде шамамен 2 млрд жұмыс орны жоғалады. Бұл кезекте, МакКинзи (McKinsey) консалтингтік компаниясының зерттеушілері сол уақыт мерзімінде салыстырмалы тұрғыдан қарапайым санды – 400-800 млн жұмыс орнын болжамдады.