You are here

Анапада жалпы ресейлік "Болашақ паркі" ашылды

Printer-friendly versionPDF version

Eduhelp, 17.07.2017

15 шілдеде Анапада Ресей үшін бірегей "Болашақ паркі" ашылды.  Жұмысшы мамандықтың беделін насихаттау және кәсіптік шеберлік жалпы ресейлік оқыту-жаттықтыру орталығы Ресей Президентінің тапсырмасымен құрылды. 

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі осы орталық Worldskills чемпионатына бұдан әрі қатысу мақсатымен кәсіптік шеберлік бойынша ұлттық құрамасын дайындауға арналған алаң ретінде ойластырылған деп мәлімдеді. 2019ж. WorldSkills әлем чемпионаты Ресейде өтеді.

Осыған орай, «Болашақ паркі» әртүрлі заманауи техникалық құралдармен және инфрақұрылымдық объектілермен жабдықталған, бұл кәсіптік құзыреттерді тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігін береді. 

Биыл орталықтың ауысымдарына елдің 40 өңірінен 5400 жуық адам қатыса алады. Жоспарға сәйкес, 2025ж. қарай бүкіл Ресейден келген шамамен 1 млн бала осындай дайындықтан өте алады. 

«Болашақ паркі» бірнеше білім беру павильондарын қамтиды, олар келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: «Өнеркәсіп», «Ақпараттық технологиялар», «Құрылыс», «Сервис және дизайн», «Көлік» және «Келешек мамандықтары».