You are here

Андреас Шляйхер ұлттық білім беру жүйелері сәттілігінің басты факторларын атады

Printer-friendly versionPDF version

Институт образования ВШЭ, 16.04.2017

А.ж. 14 сәуірде ЭЖМ-нің XVIII сәуір халықаралық ғылыми конференциясында ЭЫДҰ Білім мен дағдылар жөніндегі департаментінің басшысы, PISA білім сапасын бағалайтын ең ауқымды халықаралық салыстырмалы зерттеудің негізін қалаушылардың бірі Андреас Шляйхер сөз сөйледі. "Ұлттық білім беру жүйелерінің трансформациясындағы жаһандық тенденциялар: 2035 жылы білім қандай болады?" тақырыбында баяндама жасап, Шляйхер келесі екі онжылдықта білім беру жүйелері даму жетістігінің 10 басты факторын сипаттады.

  1. Ақпараттық сауаттылық. Білім сандық дәуірге қадам басып келеді, онда жай ғана жазу және оқу қабілеттері жеткіліксіз. Ақпараттық сауаттылық та — ақпарат әлеміне "батып" кетпеу және одан мағыналар алу қабілеті де маңызды. Оқушылардың әртүрлі ресурстардың көмегімен және әртүрлі идеялардың призмасы арқылы әлемді әртүрлі тұрғыдан көре алуы, Google іздеуден берген 20 мың жауаптан дұрыс жауаптарды таба алуы шарт.
  2. Талантты қолдану. Ресейде дарынды балалармен жұмыс жақсы реттелген — мысалы, математикалық білімнің сапасы АҚШ-пен салыстырғанда жоғары. Алайда, білімді қолдану тиімділігі, еңбек өнімділігі, өмір сүру сапасы АҚШ-та, Ресеймен салыстырғанда, жоғарырақ. Бұл таланттар мен қабілеттілер - теңдіктің тек бір бөлігі ғана екенін білдіреді, оларды қоғам игілігіне қолдануға қабілетті болу керек. Мемлекеттің қолданыстағы құрылымын адамның таланты оның және қоғамның игілігіне жұмыс істейтіндей етіп өзгерту, талантты тәрбиелеп өсіруге үйренуден әлдеқайда оңайырақ. 
  3. Азырақ, тереңірек. Мектептегі білімнің мазмұны — бұл шағын "қорапша", біз оған анағұрлым көп ақпарат сыйғызуға тырысамыз. Сондықтан білімнің тереңдігі басым елдерде азайып, кеңдігі артып келеді. Нәтижесінде, оқушылар деректерді жақсы қабылдайды, бірақ ғалымдар сияқты ойлай алмайды, процестер мен дәлелдерді талдай алмайды, эксперименттер өткізе алмайды. PISA зерттеуінің көшбасшы елдері — Сингапур, Жапония, Қытай, Финляндия бұдан ерекшеленеді.
  4. Білімнің тең қолжетімдігі. Барлық мемлекеттерде отбасының әл-ауқаты баланың мектептегі жетістігінің алғышарты болып табылады. Алайда, елдердің білім сапасында үлкен айырмашылық бар — мысалы, Доминикан Республикасында дәулетті отбасылардан шыққан балалар, Еуропаның дамыған елдерінің кедей отбасыларынан шыққан қатарластарына қарағанда, сапасы төмен білімді алады. Мемлекеттің кедейлігі баланың өзгертуге болмайтын тағдырын шешпеу керек, жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі барлық әлемде болу керек.
  5. Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы. Мектептердің басым бөлігінде мұғалімдер бүгінгі таңда "жоғарыда белгіленген" білім беру стандарттарына сәйкес сабақ береді, бірақ бұл - ескірген модель. Заманауи қоғамда мұғалім дербес болумен қатар, үздік әріптестерінің тәжірибесін де қабылдауы керек. TALIS зерттеуінің нәтижелері мұғалімдер бір-бірімен неғұрлым көп әрекеттессе, олар соғұрлым тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді. Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы міндетті болып табылады, мысалы, Қытайда. Педагогикалық мәдениеттің бұл элементі жастарды мұғалім мамандығына тартатын мемлекеттерге тән. 
  6. Жүйелік бақылаудан бас тарту. 2035ж. қарай дүниежүзінде білім "басыбайлықтан босатылады" — мемлекеттер мұғалімдердің жұмысын жүйелі бақылаудан бас тартуы тиіс. Бұл кезекте, мұғалім жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі сақталады — ең алдымен олардың тиісті дағдыларының болуы тексеріледі. Мұғалімдер өзін-өзі дамытуға, біліктілігін арттыруға мүдделі болу керек — білімнің қашықтық нысандарын дамыту аз уақыт жұмсап, анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
  7. Білімді жекешелендіру. Дәрігер барлық сырқаттарға бір дәріні жазып бере алмайды. Мұғалім де дәл солай, сабақ беруді жекешелендіру керек, нақты баланың қажеттіліктеріне бағытталуы тиіс. Ол үшін курстарды басқаша жобалау керек, мұғалімнен стандартизация мен бірыңғай тәсілдерді қолдануын талап етпеу керек. Оқытуда жобалық тәсіл көп дәрежеде, тәртіптік аз дәрежеде қолданылу керек.
  8. Оқудың жоғары өнімділігі. Зерттеулер белгілі бір елде оқушыларға білім беруге неғұрлым көп уақыт берілсе, олардың PISA-дағы нәтижелері соғұрлым төмен болатынын көрсетеді. БАӘ-нде балалар мектепте өте көп уақыт өткізеді, алайда нәтижелері оқыту уақыты аз, ал оны пайдалану өнімділігі жоғары болған еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда, анағұрлым жоғары болады.
  9. Сапаны жаңаша бағалау. Педагогикалық ғылым жетістіктері мен сыныптарда болып жатқан жағдайдың арасындағы айырмашылық  бұрыңғыдай үлкен. Мысалы, Ұлыбританияда, Қытаймен салыстырғанда, механикалық жаттау көп дәрежеде пайдаланылады, бұл кезекте бәрі шығармашылық тәсіл, дербестік туралы айтып жатады. Интегралды оқыту мен шығармашылық тұрғыдан ойлау туралы көп айтуға болады, бірақ студентке емтихан барысында жауапты таңдаумен тест берілсе, бұл әңгіменің ешқандай пайдасы жоқ. 
  10.  Үздікті қабылдау. Білім реформаларын жүргізгенде, белгілі бір елдің тәжірибесіне бағытталмау керек — өйткені мұның бір жері ұлттық жүйеге сәйкес келгенімен, екінші жері, керісінше, қарама-қайшы келеді. Үздікті қабылдаудың оңтайлы моделі Сингапурда жасалған, бұнда ештеңені ойлап таппайды және білім беру зерттеулеріне ерекше назар аудармайды. Сөйтсе де, бұнда әртүрлі мемлекеттердің жетістік факторларын конфигурациялауды үйренді, осылайша әлемде озық білім беру жүйелерінің бірін құрды.