You are here

Англия ЖОО-да білім берудің сапасын жетілдірудің жиектемелік бағдарламасын іске қосады

Printer-friendly versionPDF version

International Higher Education, 03.03.2017

2015-2016 оқу жылы мемлекет ЖОО-ларының 76%-ы, соның ішінде Рассел тобының ЖОО-лары - Оксфорд, Кембридж университеттері оқу ақысының ең жоғары мөлшерін алатын. 

Алайда, үкімет бірдей оқу ақысына қарамастан, студенттерге ұсынылатын білім беру бағдарламаларының деңгейі ерекшеленетінін түсінеді. Англия Үкімет жоғары білім беру саласына Оқыту сапасына арттырудың жаңа жиектемелі бағдарламасын (TEF – Teaching Excellence Framework) іске қосуда. Егер ЖОО-лар оқу ақысын арттыратын болса, онда олар ұсынатын білімнің сапасын да көрсетуге міндетті болады, бұл TEF негізгі идеяларының бірі болып табылады.

Осылайша, оқу ақысы оқутушылық қызметтің сапасынан анағұрлым жақсы көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар, TEF арқасында талапкерлер қосымша ақпарат алады деп қарастырылады, бұл оларға оқу орны мен білім алу бағытын саналы түрде тандауға көмектеседі. TEF оқытушылық қызметтің мәртебесі мен оқытушыларды материалдық тұрғыдан ынталандыруды арттыруға, жоғары білім мен еңбек нарғының қажеттіліктері арасындағы қарама-қайшылықтарды реттеуге де бағытталған.  

TEF бірнеше жылда кезең-кезеңмен іске асырылатын болады. Бірінші жылы Сапаны бақылау агенттігінің (QAA) институционалдық мониторингі барысында оң бағасын алған кез келген ЖОО оқу ақысын 2017ж. қыркүйектен автоматты түрде жоғарылатуға құқығы бар. Екінші жылы қалған барлық ЖОО-лар TEF-ке қатысу үшін өтініш бере алады, бұл үшін олар бірқатар көрсеткіңштерді талдауға тиіс: студенттердің оқыту сапасын бағалауы, Ұлттық студенттер сауалнамасының (The National Student Survey) нәтижелері, ЖОО-дан кету деңгейі. Зерттеудің нәтижелері бойынша ЖОО-лар TEF-тің алтын, күміс немесе қола мәртебесін ала алады.