You are here
Англияда бастауыш сынып оқушылары тестілеудің кесірінен қысым көріп жатыр


BBC, 09.05.2016
Англияның 10 және 11 жас аралығындағы балалардың шамамен 90%-ы тестілеуден күйзеліске шалдығады. Бұндай қорытындыға осы жастағы 750 баланы сауалнамалаудан кейін келді. Олардың ішінде балалардың 28%-ы жоғары күйзеліске шалдығандарын белгілесе, 16%-ына тестілеу ұйқы сапасына әсер ететінін жазды.
Тест тапсыру барысындағы тынышсыздыққа қарамастан, балалардың тек 10% ғана тестілеуді жек көреді екен. Ал балалардың 48%-ы тестілеуге мүлдем қарсы емес.
Жақында шамамен 40 мың ата-ана Англияның бастауыш сыныптарындағы тестілеуге қарсы петицияға қол қойды. Дегенмен, Білім министрлігінің өкілдері бастауыш сыныптардағы тестілеу мұғалімдерге балалардың прогресін бақылап, мектептер қызметінің сапасын қадағалауға мүмкіндік беретіндерін айтты.