You are here

Англияда бесжылда жас мұғалімдердің 30% білім беру саласынан кетті

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 24.10.2016

2011 жылы Англияның мемлекеттік мектептерінде мансабын бастаған мұғалімдердің үштен бір бөлігі бес жылдың ішінде білім беру саласынан кетті.

Оқуды аяқтаған кейін бір жыл ішінде жұмысты жас мұғалімдердің 87% жалғастырды. Олардың үлесі екі, үш және төрт жылдан кейін сәйкесінше 82%, 77%, 73% дейін төмендеді. 2015 жылға қарай ЖОО-ны 2010 жылы аяқтаған мемлекеттік мектептердің 24,1 мың мұғалімінің 30% жұмыстан шықты.

Мұғалімдерді жұмысқа алу жөніндегі сарапшының пікірінше, жас мұғалімдердің кетудің негізгі факторы – экономикалық фактор. Көптеген мұғалімдер жалақысы айтарлықтай жоғары болатын басқа салаларда жұмыс таба алады.

Оқушылар санының артуын ескеріп, мұғалімдер санының төмендеуі елдің орта білім беру жүйесіне кері әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, бұл «Физика» және «Жобалау» пәндеріне қатысты, бұнда соңғы бес-алты жылда мұғалімдердің жетіспеушілігі байқалды.