You are here

Англияда "мектепке дейінгі білімнің төлқұжатын" енгізу ұсынылды

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 15.05.2017

Ұлттық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы Англияда онлайн "мектепке дейінгі білімнің төлқұжатын" жасауға ұсыныс жасады. Мақсаты - мектепке дейінгі білімді әртүрлі қайнар көздерін бірыңғай қорға біріктіру арқылы қаржыландыру жүйесін қарапайым ету. Қазіргі уақытта қаржыландырудың төрт көзі бар: жұмысберушілерден ваучерлер, салық салынбайтын мектепке дейінгі білім беру, 30 сағат тегін мектепке дейінгі білім беру, сонымен қатар бірыңғай әлеуметтік төлемақы.

Ұлттық қауымдастық қаржыландырудың қолданыстағы жүйесін ата-аналар үшін өте күрделі болғандықтан, мақсатсыз және тиімсіз деп санайды. "Төлқұжатты" енгізу бюрократияны азайтуға мүмкіндік береді, қаражат мектепке дейінгі ұйымдарға уақытымен түсетін болады, ал ата-аналар төлемнің оңай  тәсілдерін таңдап, мектепке дейінгі ұйымдарға тікелей төлей алатын болады.