You are here

Англияда мыңдаған балалар тегін мектепке дейінгі білімсіз қалуы мүмкін

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 20.01.2017

Англияда а.ж. қыркүйектен бастап 3-4 жастағы балаларға арналған тегін мектепке дейінгі білім беру сағаттарының саны аптасына  30 сағатқа дейін артады. Үкіметтің есептеуінше шамамен 390 мың баланың тегін мектепке дейінгі білімді алуға құқығы бар. Алайда the Pre-school Learning Alliance ұйымының зерттеуіне сәйкес бұл есеп қате және олардың саны 500 мыңға дейін жетеді. Қате есептер көптеген балаларды тегін мектепке дейінгі білімнен айыруы мүмкін.

Зерттеудің нәтижелері бойынша мектепке дейінгі білімнің 30 тегін сағатын алуға тиісті балалардың үлесі үкіметтің есептеулерінен 23%-ға жоғары. Сонымен бірге, ата-аналар тегін мектепке дейінгі білімді алудың талаптарына сәйкес келу үшін өздерінің жұмыс күнін арттыруға мүмкіндік алмады. Бұл талаптарға сәйкес әрбір ата-ана еңбек ақының ең төмен ұлттық деңгейімен аптасына кем дегенде  16 сағат жұмыс істеуі тиіс. Жұмыс күнін созу тағы 22 мың баланы қосады. Осылайша, мектепке дейінгі білімнің тегін 30 сағатын алуға құқығы бар балалардың үлесі 28%-ға артатын еді.

Білім министрлігі өкілдерінің мәлімдеуінше, үкімет балаларға күтім жасау қызметіне, 2020ж. қарай шамамен £6 млрд., соның ішінде қосымша £1 млрд. тегін мектепке дейінгі білім беруге жұмсайды.