You are here

Англияда үш және төрт жастағы балалардың жартысына жуығы білікті мамандары жоқ мектепке дейінгі ұйымдарға барады

Printer-friendly versionPDF version

BBC, 01.11.2016

Англияның жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білікті педагог мамандардың жетіспеушілігі балалардың дамуын қатерге тігіп отыр. Бұндай қорытынды «Save the Children» ұйымының жаңа есебінде жасалды. Өткен жылы бес жасқа дейінгі балалардың 250 мыңнан астамы білікті педагог мұғалімдері жоқ мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік емес нысанына қатысты. 

2016ж. шілдедегі деректер бойынша 3 және 4 жастағы балалардың жартысы білікті педагог мамандары жоқ жекеменшік мектепке дейінгі білім берудің ұйымдарына барды. 

Бұндай мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың бес жылға дейін дамудың қажетті деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігі 10% кем болады.

Бұл оларға бастауыш мектепке базалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік бермейді және бұдан кейін оқу үлгеріміндегі алшақтықтың іргесін салады. Ұйымның ұсыныстарына сәйкес Англияға елдің әрбір мектепке дейінгі ұйымын білікті педагог мамандармен қамтамасыз ету үшін инвестициялау керек, аз дамыған өңірлерге ерекше назар аудару керек.