You are here
Англияның жоғары білім беру жүйесі дағдарыс үстінде


Білім беру саясаты институты (Education Policy Institute) есебінің мәліметтеріне сәйкес Англияның жоғары білім беру жүйесі нашар жай-күйде.
Лондондағы Корольдік колледжінің профессоры Элисон Вулфтың есебінде ЖОО түлектері санының артуы "тұрақсыз" қаржыландыру жүйесіне әкелгені туралы айтылады. ЖОО-ға түсетін әрбір студент оқу ақысын төлеуге несие алуға құқылы. Алайда түлектердің басым бөлігі оны төлеуге қабілетті бола бермейді. Профессор Вулфтің пікірінше, түлектер санының артуы 2040 жылға қарай мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-нен 4%-дан 11%-ға артуына әкелуі мүмкін.
Бұл мамандарды даярлау нарықтың шынайы сұранысына сәйкес келмеумен байланысты. Қазіргі уақытта Англия жұмыс күшінің 30%-ында олардың жұмысын атқаруға қажетті деңгейден анағұрлым жоғары білімі бар. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 22% құрайды.