You are here
Apple дүкендерінде жазғы бағдарламалау мектептері ашылды


Apple компаниясы 2003 жылдан беру тегін жазғы сабақтарды өткізеді. Бұл сабақтарда компанияның қызметкерлері әртүрлі өнімдерді қалай пайдалану керек екенін түсіндіреді. Биылғы жазғы сабақтарда бағдарламалау, iMovie-де бейнеклип және iBooks-те интерактивті кітаптарды жасау үйретіледі. Балаларды бағдарламалауға үйрету үшін Tynker қосымшасы пайдаланылады.
Анықтама үшін: Tynker – қосымша, оның көмегімен ойын-сауық ойындар нысанында код жазуға үйретіледі. Код жазу арқылы бала күшікті үйіне дейін жеткізеді, астронавтқа Айда базасын табуға көмектеседі және т.б.
Сабақтар тегін өткізіледі. Әр сабақтың ұзақтығы - 90 минут. Мақсаттық аудитория – 8-12 жастағы балалар. Бұл курстан бүкіл әлемнің 60 мыңнан астам баласы өтеді деп жоспарлануда.