You are here

Армения Білім министрлігі ЖОО автономиясын кеңейтуде

Printer-friendly versionPDF version

Спутник, 02.12.2016

Армения Білім және ғылым министрі Левон Мкртчян армян ЖОО-ын анағұрлым автономды ететін және тәуелсіз университеттік жүйені қалыптастыратын жоғары білім туралы заңжобаны ұсынды.

Атап айтқанда, ЖОО ғылыми кеңестеріне үлкен мүмкіндіктер жасалады, ал ректор бұдан бұрын басқару жүйесіне жауап беретін болады. 

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта кейбір оқу орындарының ректорлары ғалым да, менеджер да бола тұра, бір мезгілде қаржылық мәселелерді де шешеді. Бұл басшы қызметінің тиімділігіне кері әсер етеді. Кәсіби менеджер, яғни ректор, басқару жүйесіне жауап беретін болады. Ал ғылыми кеңестер бұл кезекте академиялық сапаға толық жауапты болады. 

Сонымен қатар министр университеттердің ғылыми кеңестері саясатталған болмау керек екенін де атап өтті. Яғни, академиялық лауазымдарды саясатпен айналысатын адамдар ала алмайды. 

Жаңа заңға сәйкес ЖОО қаржыландырумен байланысты мәселелер реттеледі.   

"Арменияның жоғары білім беру саласы туралы" Заңжобасы жақын арада үкіметтің қарастырылуына беріледі.