You are here

Армения – кеңес үкіметтінен кейінгі кеңістік елдерінің «Кремний алқабы»

Printer-friendly versionPDF version

The Next Web, 18.03.2017

Арменияда 400 IT-компаний орналасқан, өнім мен қызметтердің жылдық айналымы $475 млн. құрайды. Сарапшылардың болжамдарына сәйкес 2018ж. қарай технологиялық сала ел экономикасының басым секторы болады.

ЮНЕСКО деректерінің негізінде жасалған АҚШ Сауда министрлігі есебінің деректері бойынша, ТМД мемлкеттерінің арасында Армения жан басына шаққанда әзірлемелердің саны бойынша бірінші орында.

Осылайша, BetConstruct букмекерлік бағдарламалық қамсыздандырудың әзірлеушісі Ереванда 2003ж. алғашқы кеңсесін ашты, ал бүгінгі танда дүниежүзі бойынша бірнеше филиалдары бар. PicsArt фотосуреттерді өңдеуге арналған қосымша 2016ж. сәуірде венчурлық фирмалардан $20 млн. тартты, ал стартап инвестицияларының жалпы мөлшері $45 млн. жетті. Компания Қытай мен Жапония нарықтарын игере бастады. Еревандық Triada Studio, компьютерлік график пен анимация студиясы, 2015ж. Shadowmatic мобильдік басқатырғыш үшін Apple Design Award және App Store Best жүлдесін алды.

Арменияда жекеменшік компаниялардың пайда болуымен қатар, шетелдік ІТ-корпорациялардың өкілдіктері де ашылып жатыр. 2012ж. Intel Арменияда жаңа зерттеу орталығының ашылуы туралы мәлімдеді. Елде Synopsys, D-Link және VMWare компанияларының да филиалдары бар. 2004ж. Synopsys Арменияда кеңсе ашты, ал бүгін онда 650 астам қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания Арменияның Ұлттық политехникалық университетімен де ынтымақтастық жасасады. Студенттер компанияның білім беру бағдарламаларына қатысады және университетті аяқтағаннан кейін Synopsys-ке жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. 

Бастаушы компаниялар мемлекеттік тарапынан көмек ала алады. Саны 30 аспайтын қызметкер жұмыс істейтін барлық стартаптар, технологиялық орталықтар, инкубаторлар мен акселераторлар салықтан босатылады. Сонымен қатар, Ереванда екі еркін экономикалық аумақ құрылды. Бұнда тіркелген кәсіпорындар ҚҚС, меншік салығын, табыс салығын төлемейді. Сонымен қатар, олар экспорттық кедендік баж салығынан да босатылады.

Арменияда елдің технология нарығын дамытуға бағдарланған білім беру жобалары да пайда болып жатыр. Ереванда Тумо Жасампаз технологиялар орталығы — 12-18 жастағы 5000 жасөспірім тегін оқитын сандық оқыту орталығы жұмыс істейді. 2011ж. Microsoft елде инновациялар орталығын ашты, ол стартаптар мен ІТ-мамандықтарын игеріп жатқан студенттерге қолдау көрсетеді. Орталық стартаперлерге арналған бағдарламалаудан оқу лагерьлерін, оқыту курстары мен шеберлік-кластар ұйымдастырады және ерте кезеңде инвестиция табуға көмектеседі.

Елдегі ІТ-саланың басты мәселесі — мамандардың ағыны. Білім беру бастамаларына қарамастан, бастаушы кәсіпкерлерге Арменияда қажетті білімді алу қиын, ал тілдегі айырмашылықтар және іс-сапарға үнемі бару қажеттілігі көбісін көшуге итермелейді. Нәтижесінде, көптеген армян стартаптары АҚШ-қа ауысады.