You are here

Армения оқуға ниет тудыратын мектепті қалай аша алды

Printer-friendly versionPDF version

mel.fm, 14.09.2017

Ayb мектебі («Айб» - армян әліппесінің алғашқы әрпі) – Арменияның білім беру тарихындағы жаңа кезең.  2014ж. оның негізін ABBYY компаниялар тобының вице-президенті Арам Пахчанян қалады.

Анықтама үшін: ABBYY - ақпаратты зияткерлік өңдеу және лингвистика саласындағы шешімдерді әлемдік әзірлеуші. 40 млн астам пайдаланушы және он мыңдаған ұйым компанияның шешімдерін пайдаланады.

Ayb мектебі жобалық оқытуға басты назар салады. Ол жүйелі білімнің тәжірибесін емес, нақты мәселелерді шешуге арналған белгілі бір білімді алуға мүмкіндік береді. Осылайша, мектепте "Жасыл химия" тобы жұмыс істейді. 

Бұнда оқушылар ыдыратылатын полимерді синтездейді. Ayb қорының бір мүшесі осы жоба туралы біліп, осы өнімнің өнеркәсіптік үлгілерін жасауға қызықты. 

 

Ayb жоғары сынып оқушылары қағаз оқулықтарды пайдаланбайды, олар электронды дереккөздермен жұмыс жасауға қабілетті болу керек.

Мектептегі әрбір оқушының тәлімгері бар, онымен оқу мәселелері бойынша да, жеке мәселелер бойынша да кеңесуге болады.

Мектеп директоры Арам Пахчанянның айтуынша, заманауи қоғамда жас иерархияның мысалы болмауы тиіс. Мектепте теңдікке үйретеді. 

Осылайша, директор асханада кезекте оқушылармен бірге тұрады. Әділ орта болған кезде, балалар мектептен қалыптасқан адамдар ретінде шығады. 

Жаңа мектептің ішкі кеңістігі ақ дуалдар мен үшкір бұрыштардың болмауымен ерекшеленеді. Төменгі сынып оқушылары үшін екінші қабатқа апаратын баспалдақтар аквапарктегі баспалдақтарға ұқсатып, ірі жұмсақ түтіктер түрінде жасалған.