You are here

Армения және Save The Children мектепке дейінгі білім мен балалардың құқықтарын қорғау салаларында ынтымақтастық жасасты

Printer-friendly versionPDF version

PanArmenian, 20.06.2016

Ынтымақтастық туралы меморандумға Армения Білім және ғылым министрі мен Save The Children балалар құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның төрағасы ағымдағы жылдың 20 маусымында қол қойды.  Екіжақ балалар құқықтарын қорғау саласында, сонымен қатар мектепке дейінгі, мектеп, орта білім мекемелерін сапалы инклюзивті біліммен қамтамасыз ету салаларында ынтымақтастық жасайды. 

Анықтама үшін: Save The Children – бүкіл әлем балалар құқықтарын қорғаумен айналысатын халықаралық ұйым. Негізі 1919ж. Ұлыбританияда қаланды. Негізгі мақсаттары – білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін, экономикалық мүмкіндіктерді жетілдіру, балаларды зорлық-зомбылықтан және табиғат апаттарынан қорғау, сонымен қатар балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқа да қызметті атқару.  

Өзара байланыстың негізгі мақсаты бес жастағы балаларды оқыту мәселесі болып табылады – олардың балабақшаға баруы және білім беру процесіне толыққанды қатысуын қамтамасыз ету. Армения Білім және ғылым министрі Левон Мкртчяннің айтуынша, бастапқы біліммен мектепке дейін қамтамасыз ету керек. 

Балабақша директорлапрының біліктілігін арттыру бағдарламасы Save The Children-мен ынтымақтастық жасасудың тағы бір бағыты болады.