You are here
Арменияның түлек сыныптарының оқушылары тек үш пәнді ғана оқи алатын болады


Армения жоғары мектептерінің оқу бағдарламасында 2016-2017 оқу жылы ауқымды өзгерістер болмақшы.
Армения Білім министрі Левон Мкртчяннің айтуынша, жоғары мектеп тұжырымдамасының мәні болашақ мамандықты тандаған 12-сынып оқушысы ЖОО-ға түсуге дайындала алуында тұр. Дегенмен, қазіргі кезде жоғары мектептің қызметі тиімсіз. Өйткені мектеп бағдарламасының жүктемелілігі толық сақталады.
Осыған байланысты алдағы оқу жылының желтоқсанында 12-сынып оқушылары барлық пәндік емтихандарды тапсырып, мамандану және ЖОО-ға түсу үшін үш негізгі бағытты тандайды. Қаңтардан бастап, түлек сыныптардың оқушылары тек тандаған үш пән бойынша ғана оқитын болады.
Министрдің айтуынша, жүйе өзін-өзі ақтайтын болса, келесі жылдан бастап бұл әдісті тек бір жартыжылдықтың ішінде ғана емес, толықтай енгізуге мүмкіндік туады.