You are here

Астаналық білім беру реформаларын мониторингілеу

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 09.02.2016

Жалпыресейлік халықтық фронт 2011-2014жж. арналған мәскеулік білім беру реформаларына талдау жасады. 

Зерттеу нәтижелері бойынша мектептерге жан басына қаржыландыруды енгізу оқушыға таласу ынтасын туындатқаны анықталды, өйткені қаржы көлемі балалар санына байланысты болады. 

Электронды күнделікті енгізу де оң бағаға ие болды. "Балабақша - мектеп - колледж" білім беру кешендерін құру есебінен профильді пәндер және арнайы курстар саны ұлғайды. Химия және биология пәндері мұғалімдері жетіспейтін кішкентай мектептердің мәселелері шешілді. 

Реформаларды тез арада іске асыру (педагогтар мен ата-аналар қауымдастықтарының талдауынсыз) көп теріс баға беруді туындатты. 

Білім беру кешендерін құрғаннан кейін ата-аналар білім беру мекемелерін тандау мүмкіндігінен айрылды. Кешен құрамына енген "элиталық" мектептер енді білім берудің жоғары сапасын сақтай ала ма деген сұрақ анық емес. 

Зерттеуге сәйкес, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру реформаларын енгізу мектептер үшін қолайсыз болды. Денсаулық және үйде оқыту мектептері жойылды. Мүгедек-балалардың ата-аналары балаларға лық толы сыныптарға көңілі толмай отыр. 

Қазіргі кезде Мәскеу қаласының білім беру жүйесінен педагог-психолог, логопед, дефектолог сияқты мамандар ығыстырылып жатыр. 

Анықтама үшін: 2012 жылдан 2015 жылға дейін білім беру қызметкерлерінің жалпы саны шамамен 50 мың адамға қысқарды. Осылайша балабақша қызметкерлерінің саны 14 мыңға қысқарды, бірақ топтар саны ұлғайып келеді (2010ж. - 17,2 мың топ, 2014ж. - 20,4 мың).

Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 96%-ы білім беру мекемелеріне бұрыңғы форматтағы (мектептерге медициналық қызметкерлерді тұрақты негізде бекіту) медициналық қызмет көрсетуді қайтару туралы пікір айтты.