You are here

Аустралиялық компания ата-аналарға бала күтімі қызметі үшін күніне $100 төлейді

Printer-friendly versionPDF version

The Southland Times, 05.07.2016

Аустралиялық компаниялардың бірі өз қызметкерлеріне бала күтіміне арналған төлемақы төлеуді ұсынады. Бұндай саясат бала күтіміне байланысты демалысты алғаннан кейін қызметкерлерді жұмысқа тартуға бағытталады. Төлемақы мөлшері күніне $100 құрайды және жұмысқа шыққаннан кейін алғашқы алты ай мерзім ішінде төленетін болады.

Бала күтімін қамтамасыз ету жұмысқа шығудың басты кедергісі болып табылады. Қазіргі уақытта қызметкерлердің шамамен 32%-ы балаға күтім жасау қызметтері бағасының жоғары болуына байланысты жарты күн жұмыс істеуге мәжбүр. Компаниялар жетекшілерінің пікірі бойынша, бұндай төлемақы ата-аналарға балаға күтім жасау қызметтеріне төлеуге және жұмыс қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бұндай төлемақы компанияда 2 жылдан артық уақыт жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қолжетімді. Қазіргі уақытта қызметкерлердің шамамен 31%-ы төлемақы алуға құқықтары бар. Келесі жылы олардың саны 20%-ға артады деп жоспарлануда.