You are here

Австралияда мектепке дейінгі білімнің құны тамақтану шығыстарынан екі есе артық

Printer-friendly versionPDF version

The Advertiser, 05.08.2017

Австралияда ата-аналардың үштен бір бөлігі мектепке дейінгі білімге, тамақтануға қарағанда, аптасына екі есе артық қаражат жұмсайды. Бестен бір бөлігі үш есе артық жұмсайды. 40% жуық отбасыда мектепке дейінгі білімнің оқуақысы ипотекалық несиенің бағасына дейін жетеді. Осылайша, ата-аналардың жартысына жуығы (46%) мектепке дейінгі білім беруге күніне $101-125 төлейді.

Үштен екі бөлігі бұл мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейтініне сенімді. Кейбір отбасылар мектепке дейінгі білімнің бағасы кесірінен бұдан артық бала тумауға бел буды. Мектепке дейінгі білімнің бағасы құнсыздануға немесе еңбекақыға қарағанда әлдеқайда жылдамырақ артып жатыр. Австралияның статистика бюросына сәйкес 2012-2017жж. мерзімінде еңбекақы 12,6%-ға артты, бұл кезекте мектепке дейінгі білімнің бағасы 44,3%-ға артты.

Жоғары баға жұмыспен қамтылған аналардың мансаптық өспеуінің тағы бір себебі болып табылады. ЭЫДҰ деректері Австралияда 2008ж. бері аналардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 64% белгісінде тұрғанын көрсетті. Бұл Швецияға қарағанда едәуір төмен. Бұнда аналардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші  20%-ға артық.