You are here

Австралияда университет форматында мектепке дейінгі ұйым ашылмақшы

Printer-friendly versionPDF version

Daily Telegraph, 31.01.2017

Австралияда, Сиднейде университеттік кампус форматында мектепке дейінгі ұйым  - ToBeMe Early Learning орталығы ашылады. Бұл кампусқа туылғаннан 6 жасқа дейінгі балалар барады. Оқу бағдарламасы үшіншілік білім типі бойынша әзірленді, ал оқу жоспары әр оқушыға жеке жасалады. Мектепке дейінгі ұйымның жеке кітапханасы, өнер студиясы, ән үйірмесі, актерлік шеберлік сабақтары, сонымен қатар педиатрия саласындағы мамандары бар. Балалар йогамен, шетел тілдерін оқумен, гимнастикамен айналысады. Оқу бағдарламасының бір бөлігі тамақ дайындау болады. 

Бұл тәсіл соңғы Еуропалық философияға негізделеді, оған сәйкес балаларды оқыту туылғанынан басталады. Сонымен бірге, ата-аналарға арналған сабақтар да қарастырылған, бұнда олар балалардың ерте дамуы туралы пәндерді оқиды. 

А.ж. сәуірде екінші ToBeMe Early Learning орталығын Сиднейде, содан соң әрбір ірі қалада ашу жоспарланды.