You are here

Австралияның барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда шетел тілі оқытудың онлайн бағдарламасы іске қосылды

Printer-friendly versionPDF version

Herald Sun, 13.11.2016

Австралияда әр мектепке дейінгі ұйымда шетел тілін үйрету бойынша The Early Learning Languages Australia (ELLA) бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуді жоспарлап отыр. 

Сынақ Оңтүстік Австралияның кейбір мектепке дейінгі ұйымдарда өтті. Мектепке дейінгі жастағы шамамен 8500 бала бағдарламамен қамтылды. Оның құны $9,8 млн. құрады. Олардың ішінде балалардың 32%-ы қытай тілін, 29% жапон тілін, 24% француз тілін, 13% индонезия тілін және 2% араб тілін оқыды. Сонымен қатар, 2017ж. бағдарламаға итальян және испан тілдері, 2018ж. хинди және грек тілдері қосылады.

Бұл бағдарлама бойынша оқыту әр балада ноутбук немесе планшеттің болғанын талап етеді. 

Сынақтан өткізудің нәтижелері бойынша ата-аналардың 78% балалардың үйде мектепке дейінгі ұйымда өткен шетел тіліндегі сөздерді пайдаланғанын естігенін атап өтті. Балалардың жартысына жуығы оқып жатқан шетел тілінің мемлекетінің мәдениетіне қызығушылық танытты.