You are here

Австралияның мектепке дейінгі білім саласындағы әрбір бесінші мұғалім мамандықтан кетуді жоспарлайды

Printer-friendly versionPDF version

The Conversation, 23.06.2016

Мектепке дейінгі білім саласында сауалнамаға қатысқан 1200 мұғалімнің бестен біреуі жалақының төмен болуы, қағаз жұмысының көбеюі және беделінің төмендігін сезіну себебінен бір жылдың ішінде мамандықтан кетуді жоспарлайды. 

Мамандықтан кету ниетін көп жағдайда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу біліктілігі бар мұғалімдер білдірді. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім саласындағы мұғалімдердің сондай ниет білдірудің  негізгі себебі мамандықтан күткен үміттің педагогикалық тәжірибемен сәйкес келмеуі болды. 

Мұғалімдердің көбі үзіліс кезінде немесе жұмыстан тыс уақытта толтыруы керек құжаттардың көп болуын атап өтті. Мектепке дейінгі білім саласындағы мұғалімдердің жалақысы - сағатына $18-дан $32-ға дейін. Сауалнамаға сәйкес, тәрбиелеушілердің көбі бұл саладағы жұмысты отбасының қаржылай көмегі арқасында ғана жалғастырып келеді.